Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары 11 қаңтардан ашыла бастайды

0 303

Қала әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов Алматыда 11 қаңтардан бастап алты сауда және ойын-сауық орталығы жұмысын бастауға дайын екенін айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы әкімімен аппараттық кеңес барысында әкімнің орынбасары Мақсат Кикимов 11 қаңтардан бастап алты сауда орталығы – «Глобус», «Спутник», Dostyk Plaza, «Гранд Парк» және 63 сауда үйі іске қосылуға дайын екенін мәлімдеді.

«12 қаңтарда тағы алты сауда үйі ашылады. Esentai Mall 19 қаңтардан кейін ашылады деп жоспарланса, осы аптада Mega Park ашылады деп жоспарланған. Сондай-ақ, бүгін Алматыда сағат 9:00-ден бастап 312 қоғамдық тамақтандыру нысаны ашылды. 11 қаңтардан бастап тағы 450 қоғамдық тамақтандыру нысаны ашылады», – деді Кикимов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.