Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Сайын көшесі жартылай жабылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«7-10 қыркүйек аралығында Сайын көшесінің Ұлықбектен Абай даңғылына дейінгі аралығы жөндеу жұмыстарына байланысты түнгі сағат 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жартылай жабылады», — делінген хабарламада.
Бұл жұмыстар жолды орташа жөндеу аясында жоспарланған.
«Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және баратын жеріңізді алдын ала реттеуіңізді сұраймыз», — деп қосты департаментте.