Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда сұйытылған газ бағасын негізсіз көтерген компанияға іс қозғалды

0 181

Алматы прокурорлары сұйытылған газ сатумен айналысатын монополист компанияға қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандарымен бірлесіп, «Petrosun» ЖШС қызметіне тексеру жүргізді.

«Компанияның оңтүстік өңірлерде нарықтағы үлесі 76,9 пайыз. Былтырғы жылдың қыркүйек айынан желтоқсанға дейін «Petrosun» ЖШС аймақтағы қызметін асыра пайдаланып, ай сайын автогаз бағасын барынша жоғарылатқан. Нәтижесінде осы кезеңдегі өзіндік құн бір тонна тауарға 323,8 пайызға дейін өсті. Дерек бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігі («Монополиялық қызметті теріс пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, соталды тергеу Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер қазіргі уақытта жария етуге жатпайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.