Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда сәбіз бен күнбағыс майына шекті баға белгіленеді

0 128

Алматыда сәбіз бен күнбағыс майына шекті баға белгіленеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауда орындары аталған тауарларды екі ай уақыт белгіленген бағамен ғана сатуы тиіс. Күн санап өскен бағаны әкімдік енді осылай ұстап көрмекші.

Бірақ саудагерлердің бұдан табысы ортаймайды. Өйткені қаладағы бірқатар ірі супермаркеттер мен өндіріске жеңілдетілген несие берілді. Олар бұдан былай көкөністер, ет пен жұмыртқаның бағасын негізсіз өсірмеуі керек.

Осы сауда орындарында картоп 119 бен 200 теңге, пияз 86 мен 90 теңге аралығында, сәбіз 128 теңге, орамжапырақ 117 теңгеден сатылатын болады. Шаһардағы азық-түлік сататын жеті базарда арнайы сөрелер ашылып, ұн, күріш, қарақұмық, макарон, қант, күнбағыс майы сынды сұранысқа ие тауарлар төмендетілген бағамен саудаланады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.