Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді

0 201

Алматы облысында полиция құны 360 млн теңге болатын киік мүйізін тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.

Алматыда құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді
фото: polisia.kz

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасында кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Онда көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.