Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда митингіден бас тартқан ер адамды өртеп жіберген

0 433

Қаңтар оқиғасында митингіге шыққан адамдарға қосылудан бас тартқан ер адамды өртеп жіберген. Бұл туралы халықаралық заңгерлік компанияның мамандары айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда ер адам күйік шалып, көз жұмған. Алайда оның туыстары заңға жүгінуден бас тартып отыр екен.«Митинг уақытысында бір топ кісі алдынан шығып, митингіге шақырғанда бармай қойған. Сосын оны өртеп жіберіпті. Үстіне бензин шашып, сіріңке лақтырып өртеген деп естідім. Алайда нақты сол істі жүргізбегендіктен анығын білмедім. Бұл туған әпкесінің айтуы. Марқұмның баласы жетім, әйелі жесір қалды», – деді халықаралық заңгерлік компанияның директоры Ғабит Өмірбеков.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.