Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азамат төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

0 318

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 48 жастағы мүгедектігі бар ер адам бар полицейлер мен еріктілер төрт күннен бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Жоғалған азаматтың туыстарының айтуынша, ер адам 15 шілде күні сағат 22.00-де Сейфуллин мен Әйтеке би қиылысындағы үйден шығып кеткен және содан бері оралмаған.

«Ол анасынан темекі шегіп келемін деп сұранып, жоғалып кетті. Біз оны үйден жалғыз шығарған емеспіз. Ол психиатриялық стационарда есепте тұрған, екінші топтағы мүгедек. Оның темекіні көп шегетін кездері болады. Бірінің артынан бірін тоқтаусыз темекі шеккен кезде есірткі қабылдаған сияқты түсініксіз күйде болады. Тіпті қазір Алматыдағы мекен-жайды да білмейді. Өткені осыған дейін Оралда тұрған. Алматыға бір жыл бұрын ғана алып келген болатынбыз.  «Қоғам» ұйымының волонтерлері хабарласып, оны кеше сағат 13.00-де MEGA Park күзетшісі көргенін айтты», – деді ер адамның әпкесі Эльмира Жұминова.

Ер адам хаки түсті футболка, көк шалбар және қара аяқ киім киген. Оның жақындары, қандайда бір ақпарат білсеңіз +7 702 712 79 22 волонтерлеріне хабарласуыңызды сұрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.