Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда көлік терезелерін сындырып, ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды

0 98

Алматыда полиция автокөлік әйнегін сындырып, ел мүлігін ұрлап жүрген жас жігітті ұстады. Қаскүнемнің заңсыз әрекеттері тұрғын үйлердің кіреберістерінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл фактілер әлеуметтік желілерден белгілі болды. Ол кезде полицияға ресми өтініш түскен жоқ. Соған қарамастан бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында тағы алты жәбірленуші анықталды, олардың көлік құралдары да осындай жүйе бойынша тоналды. Күдікті1996 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде ол тек екі ұрлық жасағанын мойындады. Оның айғақтарының қаншалықты шынайы екендігін тергеу одан әрі көрсетеді», –дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

Айтуынша, күдіктіні негізінен көлікте орнатылған бейнетіркегіштер қызықтырған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.