Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда үйінен кетіп қалған апалы-сіңлілі қыздар вокзалдан табылды

0 492

  Алматыда үйінен кетіп қалған апалы-сіңлілі қыздар табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы Әмина Әмір және 5 жасар Розали Әмірова 10 ақпан күні таңертең Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылындағы үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Полиция мен «Лидер» еріктілер тобы оларды екі тәулік бойы тынымсыз іздеді. Екі қыздың суреті бүкіл полиция бөлімдеріне жолданып, әлеуметтік желілерде жарияланды. 11 ақпан кешкісін қыздардың Алматының Айнабұлақ-2 шағынауданында камераға түсіп қалғаны белгілі болды. Соңғы мәрте оларды «Ағайым» кафесінен көрген. 12 ақпан түнде Әмина мен Розали Алматы-1 теміржол вокзалынан аман-есен табылды. «Іле ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі, аға лейтенант Қуатбек Ахметбековке, сондай-ақ осы полиция басқармасы ювеналды полициясының учаскелік инспекторы Аида Есімбековаға алғыс айтамыз», – дейді волонтерлер. Апалы-сіңлілі қыздар ата-анасына тапсырылды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.