«Альфа-PVP» синтетикалық есірткілерін қолдан жасаған азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«29 маусымда Алматы мен оның маңында шамамен 16 кг «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 кг есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді. «Қара нарықта» тәркіленген есірткі құралдарының құны жарты миллиардтан астам теңгеге бағаланады» деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа дейінгі тергеуге алынды.