Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды

0 252

Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 25 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40 шамасында Алмалы ауданында болған.

Соққыдан қолма-қол ақша жеткізетін көлік бүйіріне аударылып қалған.

«ГАЗ маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі Абай даңғылында, №141-үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта артқа бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ», – деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.