Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда белгісіз адамдар көшеден қыз алып қашты (ВИДЕО)

0 270

Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз адамдардың қызды такси ұстап тұрған жерінен «алып қашқан» видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазба Instagram-дағы almaty_city парақшасына шыққан. Оқиға Алатау ауданында «Алматы Арена» кешені маңында болыпты.

Кадрда қыздың жол шетінде такси ұстап тұрғаны көрсетілген. Кейін ақ түсті көліктен екі жігіт шығып, оны күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен. Көліктің мемлекеттік нөмірі болмаған.

«Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, «102» пультіне және олардың бөлімшелеріне оқиғаға қатысты ешқандай арыз түскен жоқ. Қазір жедел бөлімше мән-жайды анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл пранк немесе шығармашылық түсірілім болуы мүмкін. Әлі анық ештеңе айта алмаймыз. Қалай болғанда да тексеру болып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.