Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

0 291

Ақпаратты Алматы қаласы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету департаменті растады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі сайтына сілтеме жасап.

Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты деген тәрбиеші өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады.

«Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған азаматша Б-ның өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр», – деді департаменттегілер.

Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Кейін тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды. Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

Даудың басы видеодан басталды. Ата-аналар отырған чатқа тәрбиеші байқамай бейнежазбаны салып жіберген. Мұғалімнің балаларға дөрекілік танытқан видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.