Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда алаяқтар марқұм болған азаматтың шотынан 1 миллиард теңге ұрламақшы болған

0 300

Алматыда екі алаяқ марқұм болған азаматтың банк шотынан бір миллиард теңге ұрламақ болған. Бақилық болған азаматтың әйелі мән-жайды дер кезінде ұққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Марқұм болған алматылықтың қарызы бар екенін айтқан ер мен әйел сотқа арызданған. Олар сотта жалған құжат жасап, жеңіске жеткен. Осыдан кейін жеке сот орындаушысы сот шешімі негізінде өзінің есепшотына марқұмның банк шотында сақталған 1 млрд теңгені аударып алған. Бұл қаражат негізінде талап қоюшыларға берілуі керек болған.

Алаяқтардың бұл әрекетін дер кезінде біліп қойған марқұмның әйелі бұл істі тексеруді қолына алған.

“Бақилық болған азаматтың әйелі құқық қорғау органдарына жүгінген. Нәтижесінде кінәлілер қылмыстық әрекеттерін аяқтай алмаған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде де сотта да бұл факт анықталды. Марқұмның шын мәнінде ешкімнің алдында борыштық міндеттемелері болмаған», – деді прокурорлар.

Осылайша алаяқтар түрлі мерзімге сотталды. Апелляциялық сот заңды күшіне енген үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.