Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы және Жамбыл облыстарында лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынды

0 212

Алматы және Жамбыл облыстарында 7 ақпаннан бастап лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік шаралары дүйсенбі, 7 ақпан күні 00:00-де алынып тасталды. Бұл туралы аймақтық антитеррорлық штаб мәлімдеді.

Сәйкесінше, арнайы және құқық қорғау органдары штатты жұмыс режиміне ауысады. Олар тұрғындарды сабырлық және азаматтық жауапкершілік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен 5-19 қаңтар аралығына енгізілген. Ал 26 қаңтарда Алматы облысында қауіптің «қызыл» деңгейі алынып, лаңкестік қауіптің ең жоғарғы – «қызғылт сары» деңгейі енгізілген.

Қазақстанда лаңкестік қауіп кезінде жекелей аймақтарда немесе елді мекендерде «жасыл», «қызыл» және «сары» деңгей енгізілед

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.