Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы әуежайында қызметкер құдыққа құлап кетті

0 450

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайында қызметкердің кәріз суы бар құдыққа құлап, ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты әуежайдың баспасөз қызметі жоққа шығарды,––деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Kozachkov offside Telegram каналында тараған ақпаратта қалдық төгуге барған әуеайлағының қызметкері лас су толы құдыққа құлап, ауруханаға түскені туралы айтылған болатын.

«Дереккөздің хабарлауынша, аптаның басында әуеайлағының қызметкері құдыққа түсіп кетіп, ауыр жарақат алып ауруханаға түскен. Қарапайым тілмен айтқанда, ол тұншығып немесе тіпті құдыққа батып кетуі мүмкін еді. Арнайы техника жүргізушісі келген ұшақ дәретханасының ішін сорып шығаруы керек. Көлік кәріз құдығына барып, онда суды төгу қажет болған. Тазалау кезінде жүргізуші құдыққа құлап кеткен. Аяғы тайып құлады ма, басы айналып құлады ма белгісіз. Ер адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, бұл факт бойынша Көліктегі полиция департаменті 156-бап – «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп жазды арна авторы.

Включить звук

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның баспасөз қызметі қызметкердің кәріз суы бар құдыққа құлап кетуіне қатысты ақпараттың жалған екенін хабарлады.

«Шын мәнінде, Алматы халықаралық әуежайының қызметкері өзінің алаңсыздығы салдарынан тереңдігі 70 см болатын арыққа құлаған. Қызметкер арықтан өзі шыққан. Ауыр жарақат алған жоқ және денесіндегі жұмсақ тіндері ғана көргерген. Әуежайдың медициналық қызметі алғашқы көмек көрсету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдады. Қызметкердің денсаулығы үнемі бақылауымызда, жұмыс берушіге ешқандай шағымы жоқ», – деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабагина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.