Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беру ұсынылды

0 578

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Дінмұхамед Қонаевтың есімін Алматы қаласының әуежайына беру мәселесін көтерді деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматы тұрғындарының, сондай-ақ Президенттің Қапшағай атауын өзгерту бойынша ұсынысын қолдай отырып, Үкіметке Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру мәселесін қарастырып, шешуді ұсынамыз», – деді депутат Ерлан Смайылов.

Депутаттар осы мәселеге қатысты депутаттық сауалды Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдады.

Осы тұста желіде алматылықтардың әуежайға қатысты осы бастамасына арналған петиция бар. 24 наурызда жарияланған ұсынысқа қазір 52 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.