Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы тұрғыны есігінің алдында итті аяусыз тепкілеген

0 290

Алматы тұрғыны тұрғын үйдің кіреберісінде итті тепкілеп тастаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жануарларға жасалған қатыгездік түсірілген видеоны Facebook қолданушысы жариялады. Видеода ер адамның иттің басынан бірнеше рет тепкенін көрсетіледі. Сонымен бірге үй жануарында агрессия белгілері байқалмады. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, бұл жағдай «Асыл Тау» тұрғын үй кешенінде болған.

Алматы полициясы мән-жайды анықтау үшін патрульдік бригаданың мекенжайға кеткенін хабарлады. Тәртіп сақшылары тексеру нәтижесін кейінірек хабарлауға уәде берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.