Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы тұрғындары қала орталығынан шыққан қою қара түтінге шағымданды (видео)

0 220

Алматы тұрғындары қала орталығынан шыққан қою қара түтінге шағымдануда. Ресми дерек бойынша Жетісу ауданындағы қойма өртенген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 16:35-те өрт сөндіру тобы шақырудың жоғары деңгейі бойынша Жетісу ауданындағы Кокмайса 26 мекенжайына шықты.

«Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 2 жауынгерлік учаске ашылды, қазір 70-тен астам жеке құраммен 21 техника жұмылдырылды», – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында 17:20-да өрт оқшауланды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.