Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында жездесі пышақтап тастаған 19 жастағы қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

0 238

Алматы облысында 37 жастағы ер адам үйіне қыдырып келген балдызын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Оқиғадан кейін аман қалған зардап шегуші мәселенің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға отбасылық жанжал кезінде болған көрінеді. Алғашында әпкесін соққыға жыққан жездесіне, жас қыз араша түсіпті. Соған ашуланған азамат бойжеткенді аямаған.

19 жастағы Ақнұр туысының үйіне тамыз айында қыдырып келген. Оқиға болған күнді ол қорқынышпен еске алады.

“Арқамнан екі рет пышақ сұқты. Бетімді тіліп кетті. Одан кейін көкірек тұсыма пышақ сұқты. Одан кейін қолыма. Барлық жерім ауырады. Барлық жерімде тыртық бар. Мен ол адамның үйтіп сыртта жүргенін қаламаймын. Ондай қанішердің”, – дейді зардап шегуші Ақнұр Әшілбай.

Сұмдық оқиға ерлі-зайыптылардың ұрысы кезінде болған. Жездесінің әпкесіне қол көтергенін көрген ол араша түсіпті.

“Өлім аузынан қалды. Оны өлтірмекші болды. Мен осы уақытқа дейін кешірдім оның маған істегенін. Бірақ менің туысқан сіңіліме істегені ол кешірілетін дүние емес”, – дейді Ақнұрдың туысы Жанар Серікбаева.

Бойжеткеннің әпкесі содан бері күйеуін көрмегенін айтады. Полицияға арыз жазған. Бірақ оны босатып жіберген.

Полиция Қылмыстық Кодекстің «денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Ал жәбірленушінің қорғаушысы істі «қасақана адам өлтіру» бабымен қарауды талап етеміз дейді.

“Бұны 106-бап емес, бұл бапты кісі өлтіруге әркеттенген деген баппен ауыстыру қажет . Тергеу амалдары дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Ауруханадан шыққаннан кейін бұл қыздан анық-қанығымен жауап алынуы керек еді. Беттестіру жүргізілуі керек”, – дейді қорғаушы Құралбек Дүйсебаев.

Полиция қазір бұл іске қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Тергеу аяқталған соң іс материалдары сотқа жіберіледі дейді. Дегенмен жәбірленушілер күдікті жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Олар ер адамды қамауға алып, заң бойынша жазаласа дейді.

Еске салсақ, Алматы облысында 38 жастағы тұрғын әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салғаны туралы жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.