Қалалық қоғамдық-саяси газет

Массаж үшін несие: СҚО-да алаяқтар зейнеткерлерді алдап кеткен

0 170

Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткерлер банкке қарыз болып қалған. Оқиғалар бір-біріне ұқсас. Массажердің таныстырылымына шақырылған зейнеткерлер лоторея жеңімпазы атанады. Алайда бірнеше күннен олар өздерінің атына несие рәсімделгенін білген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл тұрғыны Күлбаршын Әбілдинова өзінің банкке қарыз екенін кездейсоқ білген. Бұған дейін зейнеткерді таныстырылымға шақырып, тегін массаж алуды ұсынған. Ал ісшарадан кейін денсаулыққа пайдалы түрлі аппараттар ұтысы болатынын айтқан.

«Конвертті аштым, ішінде «Сіз массажер, сыйлықтар және көрпе жеңіп алдыңыз» деп жазылған. Барлығы құттықтап, қол шапалақтады. Содан кейін қағаздарды ұсынып, қол қоюымды сұрады. Мен ештеңе көрмейтінімді айттым. Бірақ ол қағаздардың сыйлықтар үшін екенін айтты», – дейді Күлбаршын Әбілдинова.

Жапонияда шығарылған құрылғы үшін зейнеткер жарты жыл 70 мың теңгелік зейнетақысын беруге мәжбүр.

Петропавлск қаласының тағы бір тұрғыны Борис Тягунов та алаяқтардың құрбаны болған. Зейнеткер ұтып алған «сыйлықтары» үшін 3 жыл бойы 34 мың теңгеден төлеуі керек. Оның айтуынша, негізгі қарыз мөлшері 700 мың теңге, ал пайыздық мөлшері 512 мың теңге болған.

Облыстық Құқық қорғау ассоциациясы мұндай алаяқтықпен кім айналысып жүргенін және банктер қалай тексерусіз несиені онлайн рәсімдегенін білмейді. Мұндай құралдарды сататын фирмалар Алматы қаласында орналасқан екен. Сонымен қатар алаяқтар жасырынбайды, тек компания атын өзгертеді. Соңғы аптаның өзінде ассоциацияға осындай шағыммен 9 адам жүгінген.

«Олар зейнеткерлердің аты-жөнін қайдан біледі? Демек мемлекеттік қызметте олардың байланыстары болуы мүмкін. Олар жеке куәліктерін, ЖСН барлығын алады. Осылай несиені онлайн рәсімдейді», – деп мәлімдеді «Тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау ассоциациясының» өкілі Надежда Дубовая.

Зардап шеккендердің екеуі полицияға шағым түсірген. Алайда ведомствода істі алаяқтық деп таппаған. Полицейлердің айтуынша, зейнеткерлер өнімді таныстыратын фирманы ғана сотқа бере алады.

«Іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан тіркелмеді. «Silk-A» ЖШС-ға қатысты тұрғындардың арызы, материалдық шағымы азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады», – деді Петропавлск қаласы Полиция басқармасының төраға орынбасары Әлнұр Ахмедяров.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.