Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында жасөспірім жүк көлігінің астына түсіп кетті: Баланың ата-анасы мәлімдеме жасады

0 523

Гүлдала ауылында болған адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жазадан құтылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүк көлігінің астына түсіп көз жұмған жасөспірімнің отбасы кінәлі жазасыз қалады деп қорқады. Олардың сөзінше, балалары Рамзан Тохтахуновты қағып кеткен адам әлі бостандықта. Жасөспірімнің отбасы күдіктіні қамауға алуды сұрайды.

Рамзан Тохтахуновтың ата-анасы мен барлық туыстары қазадан кейін есеңгіреп қалған. Қарапайым дүкенге бару баланың өліміне алып келеді деп ешкім ойламаған.

«Олар енді бәрін өздері қалағандай реттей алады, жазадан құтылып кетуі мүмкін. Осындай арсыз адамдар мас күйінде көлік жүргіземіз деп қанша адамнң обалына қалды, баламызды өлтірді. Мен оның жазасын алғанын қалаймын, заң жүзінде әділ шешімін тапса екен”, – деді марқұмның әкесі Бахтияр Тохтахунов.

Рамзан бір аптадан кейін 15 жасқа толуы керек еді. Жас болса да жан-жақты болған Рамазанды сныптастары мен мұғалімдері қайғыра еске алды.

«Ол 4-ке оқитын. Рамзанның басты ерекшелігі – жанашыр, бауырмал еді. Мен оның болашағынан үлкен үміт күтетін едім”, – дейді жасөспірімнің мұғалімі Майра Көбдікбаева.

Жасөспірім бағдаршамның рұқсат етілген тұсынан жолдан өткен. Ол жүк көлігінің жоғары жылдамдықпен келе жатқанын байқамай қалған. Соққының қатты болғаны сонша, баланы бірнеше метрге лақтырып жіберген.

Куәгерлер жасөспірімнің денесі бірнеше бөлшекке бөлініп кеткенін айтады. Оның аяқтары мен қолдары сынған. Оқиға кезінде жүргізуші қылмыс орнынан өз көлігімен қашып кетпек болған, бірақ басқа жүргізушілер оның жолын жауып тастаған.

Ата -аналар күдіктінің мемлекеттік органдарда байланысы бар деп санайды. Адам алғаш ұсталғаннан кейін, бірнеше күннен кейін кепілдікке босатылды. Жасөспірімді өлтірген жүргізушінің қазір бостандықта жүргенін облыстық полиция департаменті растады.

«Ағымдағы жылдың 15 қазанында тергеу судьясының шешімімен ұсталған азаматтың бұлтартпау шарасы кепіл түрінде өзгертілді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу сараптамалары жүргізілуде», – деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбекова.

Департамент сараптамалар мен тергеу аяқталғаннан кейін барлық іс материалдары сотқа беріледі, бұл жүргізушінің әрі қарайғы тағдырын анықтайды. Рамзан Тохтахуновтың туыстары жол апатына кінәлінің әділ жазалануын талап етеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.