Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында жаппай төбелес болды

0 6  096

Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды, -деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле ауданындағы Шамалған саяжайлары аймағында түсірілген жаппай төбелес видеосы тарап жатыр. Төбелес іс-шарадан кейін басталғаны айтылған. Ал жанжал шығарғандарды ажыратауға ауыл тұрғындары араласқан.

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Междуреченский ауылындағы жаппай төбелестің барлық себебі мен мән-жайы, сонымен қатар төбелеске қатысқандар анықталатыны хабарланған.

Полиция мәліметінше, тұрғындардың ешқайсы төбелестен кейін арыз түсірмеген және ауруханаға ешкім дене жарақатымен жүгінбеген. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.