Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында әуе шары ер адамды ұшырып әкетті

0 594

Алматы облысында сақтандыру тросы үзілген әуе шары ер адамды ұшырып әкетті. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға «Ақ-бұлақ» тау-шаңғы кешенінде болған. Ер адам өз бетінше жерге қайта қонды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16:43-те «Ақ-бұлақ» кешенінде әуе шарының сақтандыру тросы үзіліп кеткендігі жайлы ақпарат келіп түскен. Ал шар себетінде болған ер адамды тауға қарай алып кеткен.

«Оқиға орнына Талғардың мамандандырылған өрт сөндіру тобы мен республикалық жедел құтқару тобы жіберілді. Себетте әуе шарымен ұшу бойынша нұсқаушы болған. Басқару және өз-өзін құтқару әрекеттері арқасында ол тау арасында өз бетінше жерге қонған», – деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департентіндегілер.

Талғар мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері нұсқаушыны Солдатсай шатқалынан тауып, қауіпсіз орынға жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.