Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында мектеп директоры асылып өлген: Ата-аналар балаларын оқуға жіберуден бас тартты

0 654

Алматы облысында өзіне қол салған мектеп директор басшылық еткен білім ордасының ата-аналары балаларын оқуға жіберуден бас тартты, -деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше ата-ана шағымдарын Ұйғыр ауданының әкіміне жолдапты.

«Біз Үлкен Ақсу ауылының тұрғындары мектептегі психологиялық орта дұрыс емес деп санаймыз. Осы оқиғаларды ести отырып, біз Мұхаметовті орнынан босатуды сұраймыз. Себебі мектеп ішінде болашақ ұрпағымыз қауіпсіз жағдайда және психологиялық түзу ортада сапалы білім алғанын қалаймыз. Алайда, мектептегі жағдай сол талаптарға сай келмей отыр. Егер осы талап орындалмаса біз балаларымызды мектепке жібермейміз», – делінген ата-аналардың арызында.

Оқиғаға байланысты құзырлы органдар жауап берді.

«Мектептегі қызметкерлер арыз жазған. Олар өздерінің шағымында, Мұхаметов сексуалдық әрекеттер жасады деп айыптаған. Алайда шағымданушылардың денесінен жарақат немесе жыныстық қатынас әрекеті болмаған соң, іс дәлелденбеді. 10 маусым мен 26 тамыз аралығында Мұхаметов еңбекке жарамсыз парағын ашып, жұмыста болмады. Сол аралықта ол құзыретті мекемелерге жемқорлық жасады деген тұрғыда директордың үстінен арыз жазды. Бірақ ол дәлелін тапқан жоқ”, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Адылжан Аширов.

Оның айтуынша, мектепке директор міндетін атқарушы тағайындалған.

“Ұжымда моральдық-психологиялық ахуал ауыр. Мұғалімдер екі топқа бөлініп, балаларға білім берудің орнына бір-біріне қарсы айыптаушы дәлелдерді іздей бастаған. Ал оны реттеу мүмкін болмай қалған кезде, бірнеше мұғалім Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахуновпен кездесуге барды. Кеше ғана мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы адамды тағайындадым. Сабақ кесте бойынша уақтылы өтіп жатыр. Адам өлімі болған соң Мұхаметовпен ауыл ақсақалдары да сөйлесті», – деп қосты ол.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында мектеп директоры өзіне қол жұмсағаны жайлы айтылған еді. Ауыл тұрғындарының сөзінше, оны өлімге өз қызметкері итермелеген.


 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.