Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында ер адам полиция қызметкеріне алабай итімен шабуылдаған

0 350

Талғар ауданында отбасылық жанжал шығып, полиция шақырылған. Ішімдікке мас үй иесі патрульдік полиция қызметкерін итіне талатпақ болған, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшысы Тереңқара ауылындағы отбасылық жанжал туралы қоңырауға барған. Жеке үйдің ауласында ит тәртіп сақшысына шабуыл жасады.

«Полиция қызметкері «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес әрекет етіп, қызметтік қаруынан өзіне шабуыл жасаған итке оқ атқан», – деп хабарлады полициядағылар.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі «Билік өкіліне күш қолдану» бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.

45 жастағы ит иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.