Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында бір жасар баланы микроавтобус қағып кетті

0 133

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар баланы микроавтобус қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Микроавтобусты балаларды балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адам басқарған. Үлкен ұлын балабақшаға әкелген бүлдіршіннің анасы көлікке жақын тұрған. Осы сәтте микроавтобус жүргізушісі баланы байқамай жүріп кеткен.

“Қазіргі таңда Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деді полиция өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.