Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында белгісіз біреулер зиратты тонап кеткен

0 119

Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы зиратта тонау фактілері жиілеп кетті. Марқұм болғандардың туыстары қылмыскерлерді ұстап, жазалауды талап етіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

«Жерге кіріп кетердей болдым. Бұлай істегендері қай сасқандары?! Мұны адам істей алмайды. Бұлар адам емес!»,  – деп ашынды Ұзынағаш ауылының тұрғыны Марат Қарабаев.

Бүкіл зиратта бір кездегі әдемі шойын қоршаулардан тек бағаналар мен қираған іргетас қалған.

Марқұм туыстары осында жерленгендердің бірі Зухра Қарабаева. Ол мұнда қызымен бірге келген. Зиратта әйелдің анасы жерленген. Әйел жағдайды көріп, жағасын ұстады. Шарбақты бұзып, алып кеткен, іргетас бүлінген. Ол полицияға арызданып үлгерген. Алайда қылмыскерлер әлі табылған жоқ.

«Ата-апамыз жерленген мына шарбаққа 38 жыл болды. Мұндай бірінші рет болып тұр. Бұл қорқынышты! Бұл не деген заман болды, адамдар неге қатыгез болып кеткенін де түсінбеймін. Неге адамдар Құдайдан да, тозақтан да қорықпайды?! Мұндай вандализммен айналысу қорқынышты ғой. Зираттан бірдеңені қалай алып кетуге болады?!» – деді Зухра Қарабаева.

Барлығы 15 бейіт тоналған. Бұл ретте жеңіл металдан жасалған қоршаулар сол күйінде қалыпты. Тек шойыннан жасалғандары ұрланған.

Мұнда қалдырылған қолғаптар, сондай-ақ бағананың біркелкі кесілуі шабуылшылардың толық «қаруланғанын» анық көрсетеді, өйткені олар әрқайсысының салмағы кемінде бес келі болатын бағананы көтерген.

Заттай деректер қылмыстық іс материалдарына қосылды. Полицейлер кінәлілерді жауапқа тарту үшін бар күш-жігер жұмсалатынына сендірді.

«Бүгін 24 қыркүйекте түскен арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бейіттері талан-таражға түскен жерленгендердің туыстары оқиға жайлы хабардар етті. Мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп тұрмын», – деді Жамбыл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жарқын Ершанов.

Осы оқиғадан кейін полицейлер металл жинау орындарына рейд жүргізеді. Әзірге бұл нәтиже берген жоқ. Қазір зираттың өзінде тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілікте тұр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.