Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы әкімінің орынбасары қызметіне Әсем Нүсіпова тағайындалды

0 326

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды», – делінген хабарламада.

Асем Нусупова родилась 1 мая 1975 года в городе Алматы. Является выпускницей Казахского государственного университета имени аль-Фараби, окончила магистратуру и аспирантуру по специальности «экономика и менеджмент».

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – экономика саласы. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті лауазымынан бастады, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы болып тағайындалды, 2002 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Президент Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі, ЕурАзЭҚ хатшылығы жанындағы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру-сараптама тобының (қоса атқарушы бойынша) кеңесшісі.

Сондай-ақ 2005 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Премьер-Министр кеңесшілері тобының жетекшісі болды.

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында болды, кейін 2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Ал 2016-2019 жылдар аралығында Әсем Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымында, соңғы атқарған қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.