Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы – Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды

0 146

Алматы-Қапшағай тасжолында жаппай жол апаты болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 8 ақпанда таңертең болған. Куәгерлер әлеуметтік желілерде апаттан кейінгі кадрларды жариялады. Олардың айтуынша, жол апаты бес көлік апатқа ұшыраған. Кадрлардан Lexus, Volkswagen, екі Mitsubishi және тағы бір көлік соқтығысқанын көруге болады.

Полиция мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 07.30 шамасында тасжолдың 26-шақырымында болған.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл дерекке қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Құрметті жүргізушілер, көлік тізгіндеген кезде барынша мұқият әрі сақ болыңыз. Жылдамдық шектеуін, ережелерді мүлтіксіз сақтаңыздар», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.