Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі өмірден өтті

0 115

Алматы қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кеңесшісі Вениамин Алаев 42 жасында қалалық ауруханада көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kzке сілтеме жасап.

Марқұмның неден көз жұмғандығы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.

«Арамызда Вениамин енді жоқ, марқұммен қоштасу рәсімінің уақытын кейінірек хабарлаймыз. Ол сағат 17:00-де №12 қалалық ауруханада көз жұмды», – деп жазылған кеңесшінің Facebook парақшасында.

Алаев – ІІ-ші топтағы мүгедек жан. Ол Алматыдағы Алмауды (Almaty Management University) үздікке бітіріп, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін қорғаған. Сонымен қатар Каспий университетінде Заңтану мамандығы бойынша білім алған. Сорос – Қазақстан қорының «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны» жобасының түлегі. «Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тарту ерекшеліктері» атты зерттеудің авторы. Әр жылдары Финляндияда, АҚШ-та, Канадада және Ирландияда мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша дәріс алған.

2017-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеді. Өз құзыреті шеңберінде әртүрлі санаттағы мүгедек адамдардың ҮЕҰ және мемлекеттік органдар арасында диалогтарды сәтті ұйымдастырып, ол үшін әрдайым азаматтық қоғам ұйымдары және қала әкімдігі тарапынан алғысқа ие болып отырған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.