«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лары 28, 29 және 30 тамыз күндері жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар 29 тамызда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бірақ сол күні Қазпошта тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚКО-ларда касса арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайды. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады.
27 тамыз – жұмыс күні. Сондықтан ертең барлық ХҚКО әдеттегі кесте бойынша істейді.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 31 тамызда жұмысын қайта бастайды.
Айта кетері, ХҚКО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.