Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0 339

Алдағы күндері елімізде ауа райы жылы болады деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың батыс өңіріндегі жекелеген аудандар мен оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Жалпы, еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады.

«Солтүстікте термометрлердің бағаналары күндіз 8-13-тен 15-20 градусқа, оңтүстік өңірлерде 15-20-дан 20-25 градусқа дейін көтеріледі, елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 15-23 градус, шығысында және Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында 5-13 градус жылы болады», – деді синоптиктер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.