Қалалық қоғамдық-саяси газет

Альберт Линдердің қазасына қатысты тергеу қайта жалғасты

0 400

Ауыр атлетші Альберт Линдердің қазасына байланысты өзін-өзі өлтіруге итермелеу ісі бойынша тергеу қайта жалғасты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін тергеу 2021 жылдың қарашасында істе қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылған еді. 

Сонымен қатар бас бапкер Сергей Седовқа қатысты жала жабу ісі де (2021 жылдың қыркүйегінде Альбер Линдердің допингін қаралау туралы БАҚ-қа берген сұхбаты бойынша) 2022 жылдың 7 ақпанында тоқтатылды, деп қосқан Наталья Линдер.

«Сот отырысында маған жала жабу ісінің мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жабылатынын және 3 ақпанда (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) қылмыстық іс қозғалғанын айтты», – деді әйел.

Альберт Линдердің қазасы мен ауыр атлетикадағы жанжал

Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы Альберт Линдердің қайтыс болғаны 17 қыркүйекте белгілі болды. Ол 25 жаста еді. Спортшы өз өзіне қол жұмсаған. 2021 жылғы қазақстандық ауыр атлетикадағы жанжалдың көпшіліктің назарына шығуына Альберт Линдердің өлімі және одан кейінгі оқиғалар себеп болды. Күрделі шаралар қабылдаудың шешуші себебі спортшылардың, бапкерлердің, сондай-ақ Альберт Линдердің туыстарының тарапынан түскен өтініштер болды.

Министрдің оқиға араласуынан кейін жаттықтырушылар штабының өрескел заңбұзушылықтары анықталып, ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов, бас бапкер Сергей Седов және басқа да қызметкерлер жұмыстан шеттетілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.