Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалалық ішкі істер басқармасы сенбіліктен неге қашады?

0 364

Шаһарда қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен екі айлық сенбілік жарияланғалы тазалық табалдырықтан басталатынын түйсінген тұрғындар тонналап күл-қоқыс шығаруда. Нәтижесінде қала көшелері мен ғимараттардың төңірегі тазарып, Тараздың ажары ашыла түскендей. Бірақ халықтың сенбілікке жаппай шығып жатқанын көрсе де, көрмегендей кейіп танытатын мекемелер азаймай тұр.

Өткен аптада да әдеттегідей қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі облыстық және қалалық мекемелерге, кәсіпорындарға, облыс әкімдігінің басқармалары мен қала әкімдігінің бөлімдеріне және бизнес өкілдеріне сенбілік туралы хабарлама жолдаған. Сондай-ақ бас инспекторлар арқылы әрбір квартал комитетіне, пәтер иелері кооперативтері мен үй ағаларына да ескертілген. Алайда әлі де болса, «ақпа құлақтар» аз болмай тұр.

Сенбілікке шықпағандардың қатарында «Жамбыл гипс» АҚ, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ, «ТЭО» АҚ, Зейнетақы төлеу орталығы ЖОФ, қалалық ішкі істер басқармасы, «Бином» ЖШС, «ТаразТранс» ЖШС, «Екі жұлдыз», «Версаль» мейрамханасы, «Бейбарыс газ» ЖШС, жұқпалы аурулар ауруханасы, «Коммаш», «Бек», «Арзан», «Нұралы», «Салтанат», «Қайқармет», «Жібек жолы» базарлары, облыстық қорғаныс департаменті, «Автобекет» ЖШС, «Арзу» ЖШС, «Каспий банк», «Нұрбанк», «Халық банкі», «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан теміржолы» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Агроспецстрой» ЖШС, сондай-ақ мейрамханалар мен кәсіпкерлік нысандары бар.

Өткен аптада сенбілікке жалпы 6210 адам қатысып, 18 дана техниканың көмегімен 94 тонна күл-қоқыс шығарған. Әрине, бұл – тазалыққа жанашырлықпен қарайтын тұрғындардың еңбегі. Сондықтан хабарландыруды елемейтін мекемелердің қызметкерлері сыннан сабақ алса дейсің.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.