Ұлыбританияның Қорғаныс министрі және батыс барлау қызметі Киев маңындағы «рухы әлсіреген» ресейлік әскер қоршауға алынуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz BBC-ге сілтеме жасап.
АҚШ шенеунігінің айтуынша, Украина күштері айырылған жерлерді қайтарып алу үшін соғысып жатыр. Мысалы, олардың өздері Киевтің батысындағы Макарив қаласын қайтарып алғанын хабарлады. Осы сәтте Киевтің солтүстігі мен батысында украиндардың қарсы шабуылы үдеп келе жатыр.
Алайда Украинаның оңтүстігіндегі Мариуполь қаласын атқылау жалғасып, соның салдарынан 100 мыңға жуық адам тамақсыз, сусыз және электр қуатынсыз қалған. Киев, Чернигов, Харьков сияқты басқа қалалары да орыс зеңбіректерінің нысанасы болып тұр.