Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала тұрғындары қысылмай қатынайды

Шаһарға жаңа 10 автобус келді

0 4  616

Тараз қаласында қоғамдық көлік мәселесі өзекті болып келген. Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев түйткілдің түйінін тарқату үшін жергілікті билік тарапынан ауқымды жобалар қолға алынып жатқанынан құлағдар еткен. Міне, осы сөзден іске көшкен жүйелі жұмыстың жемісі ретінде күні кеше облыс орталығына 10 жаңа автобус жеткізілді.

«GOLDEN DRAGON» компаниясының көліктері №30 маршрут бағытында қатынайтын болады. Автобустардың ұзындығы – 12 метр. Сыйымдылығы 90 жолау- шыға арналған.
Қоғамдық көліктердің ерекшелігі – пандустармен жабдықталған. Едендері төмен орналасқан. Ішінде бейнебақылау камералары мен автоматты хабарлау құралы орнатылған.
Енді «CITY-BUS» ЖШС-не 30 дана жаңа автобус келеді деп күтілуде. Қазір олар кедендік бақылауда. Аталған қоғамдық көліктер шаһарға жеткізілгеннен кейін қала маңы мен №15 ықшам- ауданға қатынайтын автобустар да жаңартылмақ.
Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында 280-285 автобус 32 бағыт бойынша халыққа қызмет көрсетуде. 2019 жылы Тараз қаласының жолаушылар тасымалдау компаниялары 84 жаңа көлік алса, 2020 жылы олардың саны тағы 32-ге толықты. Енді міне, жаңадан келіп жатқан автобустар арқылы тұрғындарды тасымалдау қызметі тағы жақсара түспек. Бір сөзбен айт- қанда, енді бұқара тар қоғамдық көлікте қысылмай қатынайтын болады.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.