Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімінің Кубогы елордалықтарға бұйырды

0 481

– Тараз – тарихымыздың темірқазығы, руханиятымыздың алтын діңгегі. Бүгінде көне шаһарды көркейтіп, туризм орталығына айналдыру мақсатында көптеген ілкімді істер қолға алынуда. Бүгінгі турнир – соның бір көрінісі, – деген Бақытжан Әмірбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирде жалпы саны 10 команда шеберлік байқасты. Олардың қатарында облысымыздың намысын қорғаған «TarazPress» және «Jambyl» телеарнасының құрамалары да бар.
Екі күнге жалғасқан сайыс нәтижесінде елордадан келген «Kazmedia Voltman» топ жарса, «Atyrau Aqparat» құрамасы ІІ орынды, «Алматы» құрамасы жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Сондай-ақ Нұрислам Ғұмар (Atyrau Aqparat) – «Үздік қақпашы», Құмарбек Азат (Kazmedia Voltman) – «Үздік ойыншы», Дәурен Берікқажы (Экспресс К) – «Үздік қорғаушы», Әділбек Жақанов (Ақмешіт) – «Үздік шабуылшы» және Нарын Қалиев (Алматы құрамасы) «Үздік сұрмерген» номинацияларына ие болды.
Турнир жеңімпаздарын шаһар басшысы марапаттап, қаржылай сыйақыларды табыстады.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.