Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айыппұл төлемеудің заңсыз әдісін ойлап тапқан жүргізуші ұсталды

0 284

Қолымен көлік номерін өзгерткен түркістандық жүргізушінің кесірен Сарыағаш тұрғыны 90 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

«Мercedes» маркалы көліктің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу номеріндегі 1 әріпті қолдан өзгертіп алған. Содан жол ережесін бұзуына қатысты айыппұлдар өзіне емес, Сарыағаш тұрғынына жолданып келген. Айыппұлдың дені жылдамдық шектен тыс асырылғаны үшін салынған.

Сарыағаштық тұрғын Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына хабарласып, арыз түсірген. Соның негізінде іздеу шаралары жүргізіліп, күдікті көлік Түркістан қаласынан табылды. Жалған нөмір таққан көлік Әмір-Темір көшесінде тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына жеткізілді.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.