Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас пен Жібек Қайратқызының үйлену тойына әншінің бұрынғы жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен кіріп келіп, дүйім жұртқа тосынсый жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Қайрат пен Жұлдыздың ресми түрде ажырасқанына бір жыл уақыт өтсе де араларының суымағаны көрінді. Тойда екеуі ортаға шығып билеп, көпшілікті тәнті етті. Ал әншінің әкесі Нұртас Айдарбековтің келінінің тойға келгеніне қуанғаны сондай, екінші келіні Әйгерім екеуін ортаға алып, құшағына басып, суретке түсті. Нұртас Айдарбеков немерелерін құшақтап, иіскеп, сағынышын баса алмай, жүзінен күлкі кетпеді.
Жұлдыздың маңдайынан сүйіп, құшақтаған атасына қонақтар риза болды.