Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Сатыбалдыұлының әйелі неге ұсталғаны белгілі болды

0 601

Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы да күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» делінген мәліметте.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, екі айға қамалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.