Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Нұрқаділов әкесі мен Мақпал Жүнісованың жинаған байлығын айтты

0 1  155

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов ұзақ жылдардан бері алғаш рет сұхбат беріп, әкесі туралы естеліктерімен бөлісті деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turksytan.kz сайтына сілтеме жасап.

Заманбек Нұрқаділов 1992-1994 жылдары аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Қызметтен кеткен соң, мемлекеттен берілген үйді босатуы керек болған. Қайрат Заманбекұлы сол кезде болған оқиғаны еске алды.

«72 сағатта үйді босатсын деді. Сонда әкемізді көшіреміз деп «Көк» базардан екі «Уазик» әкеліп, киімдерін, суреттін, алған сыйлықтарын жинадым. Мақпал (авт.Жүнісова) аяқ-киімнің қорабын ұстап алып, жүгіріп жүр. Әкем бұрылды да «Неге ұстап жүрсің? Жинамайсың ба?» – деп еді «Байлығымыз ғой» – деді. «Балаға бер, көлікке қойып қояды, тиіспейді», – деді.  Мен 9 жыл істеді ғой, не деген байлық көрейінші деп аштым. Ішінде долларлар. Санасам, 25 мың доллар екен.  Әкемнен «9 жыл істедің. Жинағаның осы ма?» – деп сұрадым. Иә, көрімдікке, туған күнге, анаған-мынаған берді. «Жинағаным осы» деді. Үйге келіп анама «Бұрынғы күйеуің мүлдем ақша ұрламаған. Сенімен тұрғанда қалай болды?» – деп едім. «Менімен тұрғанда да сол, үйге ештеңе әкелмейтін. Саған қанша рет адал бол, ұрлама деп айтушы еді» деді», – деп еске алды Қайрат Заманбекұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.