Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Құдайбергеннің қанша айға қамауға алынғаны белгілі болды

0 423

Алматы қаласының мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Материал түсті. Тергеу 30 тәулікке қамауға алу туралы өтініш жасады. Сот өтінішті қанағаттандырды. Қалған сұрақтар бойынша тергеу органдарына жүгіну керек», – деді ведомство өкілдері.

Адвокат Мұрат Амитов өзінің Facebook-тегі парақшасында соталды тергеу органдарының Қайрат Құдайбергенге қатысты іс-әрекеттің біліктілігін анықтауы үшін үш күн кеткенін атап өтті.

«Бірақ соталды тергеу органы оның біліктілігін анықтаған жоқ. Бүгін тергеу соты Қайрат Құдайберген күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 1 ай мерзімге «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді адвокат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.