Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасы кезіндегі жаңа видеосы жарияланды

0 459

Әлеуметтік желіде уақытша ұстау изоляторына қамалған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz

Бейнежазбадан Алматыда дүрбелең басталған кездегі Қайрат Құдайбергеннің ереуілге шыққан азаматтарды сабырлылық танытуды және мүліктерді қиратпауға шақырып жатқан сәтін көруге болады.

Еске сала кетсек, кеше Қайрат Құдайбергенді ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікпен ұстады.

Алматыдағы қаңтар тәртіпсіздіктері кезінде Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қасынан көрінген болатын.

Қалалық прокуратура таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, оның айналасына бірігуге және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырған. Сондай-ақ ол адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау берген.

«Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты», – деді прокуратура.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.