Марқұмның анасының адвокаты қылмыскерді өз отанында емес, Қазақстанда соттау керегін айтты. Евгений Яворский осылайша Қазақстан билігіне үндеу жолдады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, тек осылай ғана әділеттілік орната аламыз, деп мәлімдеді КТК арнасы.Бұл істің біздің елде қаралуын сұраймын және талап етемін. Қазақстан азаматын өлтірді. Біздің мемлекет әр азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс,— деді Евгений Яворский.
Еліміздің әр азаматы өзінің мемлекеттің қорғауында екенін түсінуі қажет. Ол күдіктіні ұстау мүмкін болмай жатса, қазақстандық сот оған сырттай үкім шығара алатынын мәлім етті.
Муртузали Межидов Томиристің бұрынғы курстасы, Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы. Томиристің жақындары сол адам қылмыстық іске ықпал ете ме деп қорқады.
Биыл жазда Мәскеу соты Муртузали Межидовты жазықсыз деп танығанымен, жәбірленуші тарап сот шешімін қайта қарауын сұраған болатын. Алдағы сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз. Алайда, ресейлік тергеу жұмыстарының қорытынысы бойынша Томирис Байсафа университет терезесінен өзі секіріп кеткен.
2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курсының үздік студенті Томирис Байсафа төртінші қабаттың терезесінен белгісіз жағдайда құлап кеткенін еске саламыз. Содан ауруханада жатып, 3 мамырда қайтыс болды.