Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Адамның сүйектері екі сөмкеге салынған»: Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды

0 3  073

Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі адам ұсталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы прокурор Мария Ирен Альварес мәлімдеген.

«Ішіне адам сүйектерінің қалдықтары салынған екі сөмке табылды. Бұл Қазақстан азаматының дене бөлшектері екені белгілі болды», –  деді прокурор Парагвайдың «Монументаль» радиосына берген сұхбатында.

Өлер алдында жәбірленушіні қатты соққыға жыққан. Бір соққыдан оның жақ сүйегі сынған, деп қосты прокурор.

Қазіргі таңда патологоанатомдар адам денесінің өлгенге дейін немесе өлтірілгеннен кейін бөлшектелгенін анықтауда.

«Бірақ адам аса қатыгездікпен өлтірілген, өлімнің өте ауыр әрі қиын болғаны туралы нақты айтуға болады», – деді прокурор.

Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Белгілі болғандай, олар марқұм тұрған үйдің бөлмелерін жалға алған.

Прокуратураның хабарлауынша, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушінің қарызын өтеуге келген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.