Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Абу-Даби Плаза» ғимаратында өрт шықты

0 556

10 наурызда, сағат 14:57-де Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Сығанақ 60/5 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz -ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 4 минутта келіп жетті. Олар ғимараттың 1-қабатында желдеткіш камерасының өртенгенін анықтаған.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған» деп жазылған хабарламада.

Өрт шыққан жерде 16  техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Жалын сағат 15:24-те сөндірілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.