Ақтауда жанармай бекетінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09:29-да Ақтау полиция басқармасының «102» пультіне 8-шағынауданда орналасқан «Qazaq Oil» жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде қоңырау түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.