Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда сот жалақыны көтеруді талап еткен жедел жәрдем қызметкерлерін жұмыстан шығаруға рұқсат берді

0 104

Маңғыстау облысында ондаған жедел жәрдем қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін. Себебі сот фельдшер мен жүргізушілердің ереуілін заңсыз деп таныған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қызметкерлердің бір бөлігі алты күннен бері жұмысқа шықпаған. Олар жалақыларын көтеріп, әлеуметтік пакет ұсынуды және фельдшерлер штатын кеңейтуді талап еткен. Келіссөз бен қоқан-лоқы оларды жұмысқа қайтармады. Қазір Жаңаөзен, Мұнайлы және облыс орталығында үш станция өз ауысымдарына шықпаған.

Нәтижесінде басшылық сотқа жүгінді. Істі қараған соң сот ереуілді заңсыз деп таныды, өйткені ереуіл өткізбес бұрын жұмысшылар директорға ресми хат жіберуі тиіс болған. Мұнда көңілдері толмайтын мәселелер, талаптар мен митингтің орны және уақыты көрсетілуі керек екен. Сондай-ақ жұмысшылардың тізімін ұсыну қажет, әрі жедел жәрдем бригадасының бір бөлігі жұмыс орнында болуы керек.

«Қазір соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімі тез арада орындалып, ереуіл тоқтатылуы тиіс. Орындалмаған жағдайда жұмыс беруші оларға қатысты тәртіптік негіздегі тіпті келісімшартты бұзу түріндегі шара қолдануға құқылы», – деп мәлімдеді Ақтау №2 қалалық сотының судьясы Рақымжан Бейсенов.

Еске салайық, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмиров жедел жәрдем қызметкерлеріне еңбекақы толық төленгенін айтты. Осы себепті ол ереуілшілерді жұмысқа қата шығуға шақырған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.