Ақтаулық оқушылардың ата-аналары балалары мектеп қабырғасында уланып жатқанын айтады. Сөздерінше, бірнеше апта бойы балаларда аллергиялық жөтел болып, бастары ауыра бастаған. Олар бұның басты себебі дәліздер мен дәретханаларды тазалау кезінде қолданылатын дезинфекциялық заттар екеніне сенімді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мектеп директоры оқиғаның себебін анықтау үшін тазалаушылардың жұмысын да, дезинфекциялау құралының өзін де тексеріп көрген. Алайда бұл өз пайдасын әкелмеген соң, білім ордасының басшылығы СЭС-тің көмегіне жүгінген.
№7 лицейдің бірінші сынып оқушыларының ата-аналары балалары үш апта қатарынан мектептен оралған соң өздерін нашар сезінетіндерін айтады. Олардың барлығының белгілері бірдей: құрғақ жөтел, көздің қызаруы және бас ауруы. Ауруды алғашында тұмаумен байланыстарған, бірақ дәрігерлер балалардан ешқандай вирус таппаған. Осыдан кейін ата-аналар бұған мектеп дәліздері мен дәретханаларды тазалау үшін қолданылатын дезинфекциялық зат себеп болуы мүмкін деп күдіктене бастаған.
«Мен баламды дәрігерге апардым, дүйсенбі күні біз сынақ тапсырдық. Мұндай сипмтомдар көрші сыныпта оқитын балаларда да көрінді. Маған мектеп директоры қандай препараттар қолданатынын көрсетті. Мен бұл заттармен улану кезінде болатын белгілерді таптым, бұлардың біздің балаларымызда көрінеді», – дейді ата-ана Елена Стазаева.
Мектеп директоры ата-аналардың шағымына бірден назар аударған. Бірінші болжам: техникалық персонал дезинфекциялау құралын қосқан кезде доза мөлшерінен қателескен. Білім ордасының басшылығы тазалықшылардың жұмысын бірнеше рет тексерген. Алайда бұған қарамастан балалардағы симптомдар жоғалмаған.
Талғарда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші бұрынғы полицей болып шықты
Алматыда балалардың бірі мектептің ішіне бұрыш газын шашқан: Оқушылар мен тазалықшы уланып қалды
Жауапкершілікке үйреткісі келген: Көкшетаулық ұстаз оқушылардың маңдайына «дәптер» деп жазған
«Біз бұл жұмыстар барысын медициналық қызметкермен бірге бірнеше рет қадағаладық. Сондай-ақ, СЭС қызметкерлерінен пайдалану бойынша арнайы нұсқаулық алдық. Жарамдылық мерзімі сәйкес келеді. Біз бұл препараттарды қолданатын басқа мектептерге, балабақшалардан сұрастырдық, бірақ оларда мұндай мәселе жоқ», – дейді мектеп-лицейінің директоры Гүлден Иманғалиева.
Санитарлық дәрігерлер балалардың ата-аналары әлі ресми түрде хабарласпағанын жеткізді. Ал тексерісті мамандар тек осыдан кейін ғана жүргізе алады. Сондықтан асығыс пікір білдірмеуді сұрайды.
«Део-хлордың» өзіне келетін болсақ, бұл препарат Қазақстан Республикасында бекітілген дезинфекциялау құралдарының тізіліміне енгізілген. Иә, бұл белгілі бір қауіптілігі бар химия және нұсқаулыққа сәйкес қатаң түрдегі қырағылықта қолданылуы керек. Бірақ соған қарамастан, нұсқаулық қатаң сақтаған жағдайда ол адам ағзасына, оның ішінде баланың денесіне агрессивті, улы әсер етпейді», – деп түсіндірді Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Асима Жарылғасова.
Мектеп директоры оқушылардың денсаулығының нашарлауының себебін тезірек тауып, жою оның басты мақсаты болып табылатындығын айтты. Әзірше мектепте атаулы дезинфекциялау құралын қолдануды тоқтатқан.